Лента новостей

"Қайрат" шабуылшысы Дастан Сәтпаев "Дарын" сыйлығын алды

Футбол, Қайрат, Дастан, Дарын, сыйлық

Алматыда Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева футболшы Дастан Сәтпаевке "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын табыстады, деп хабарлайды Arnapress.kz министрлікке сілтеме жасап. 

Министрліктің мәліметінше, Қайрат клубының шабуылшысы 2025 жылғы марапаттың "Спорт" номинациясы бойынша лауреат атанған. Спортшы матчтарға қатысуына байланысты 26 қарашада өткен ресми марапаттау рәсіміне қатыса алмаған. Салтанатты жиында Аида Балаева футболшының жетістіктерін жоғары бағалап, оның жастарға үлгі екенін атап өтті.

"Сіз тек жоғары нәтиже көрсетіп қана қоймай, өскелең ұрпаққа үлгі болып жүрсіз. Балаларды спортқа баулып, салауатты өмір салтын насихаттауда еңбегіңіз зор. Спорт – салауатты өмірдің негізі, ол адамды биік белестерге жетелеп, ел абыройын асқақтатады", – деді министр.

Айта кетейік, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы ғылым, шығармашылық, қоғамдық қызмет және спорт салаларында жоғары жетістікке жеткен талантты жастарға беріледі.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрі

Просмотров (198)
ТопДок 1