Лента новостей

Қазақстанда ақылы жолдарда лазерлік қауіпсіздік жүйелері орнатылуда

лазер, жол, трасса, қауіпсіздік

Жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға арналған инновациялық шешімдерді кезең-кезеңімен енгізуді жалғастырып келеді. Солардың бірі – ақылы автомобиль жолдарында лазерлік визуалды бағдарлау жүйелерін орнату, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап

"Ақылы автомобиль жолдары дирекциясы" филиалы республикалық маңызы бар 22 учаскеде бұл жұмыстарды жүзеге асыруда. Атап айтқанда, Астана - Щучинск, Алматы - Қорғас, Шымкент - Тараз, Орал - Ресей Федерациясы шекарасы бағыттары және өзге стратегиялық дәліздер қамтылған.

Жаңа технология көру жағдайы төмен немесе түнгі уақытта қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. Лазерлік қондырғылар жол бойында нақты визуалды бағдар қалыптастырып, жүргізушінің жылдамдық пен бағытты уақытылы түзетуіне, ұзақ трассаларда ұйқышылдық қаупін азайтуға, жол жағдайын дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді.

Халықаралық тәжірибе де бұл жүйенің тиімділігін көрсетеді: лазерлік сигналдарға реакция дәстүрлі құралдарға қарағанда жылдам, ал жол-көлік оқиғалары 40–50%-ға дейін азайған. Қазақстандағы жүргізушілер де жаңа технологияны оң бағалауда, қозғалыстың жеңілдегенін және қауіпсіздік деңгейінің артқанын атап өтеді.

"ҚазАвтоЖол" интеллектуалды көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырып, адам өмірін сақтау мен қауіпсіз жүргізу мәдениетін қалыптастыруға үлес қосуда.

Фото: жасанды интеллект арқылы

Просмотров (213)
ТопДок 1