Лента новостей

Жеке деректерді пайдаланып, несие алған: Ақтөбеде алаяқ ұсталды

алаяқ, ұсталды, несие

Ақтөбе қаласында алаяқтық жасады деген күдікпен 26 жастағы тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Arnapress.kz Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

Алдын ала тергеу барысында күдікті "зейнетақы жинақтарының рейтингін көтеремін" деген сылтаумен азаматтардың сеніміне кіргені анықталған. Ол қызмет көрсету желеуімен жәбірленушілердің ұялы телефондарын алып, жеке деректерін пайдалану арқылы микрокредиттік ұйымдарда несиелер рәсімдеген.

Бірнеше айдан кейін азаматтар банктерден мерзімі өткен қарыздар туралы хабарламалар ала бастаған. Осыдан кейін олар қайтадан күдіктіге жүгінген. Алайда ол бұл жағдайды өз пайдасына пайдаланып, олардың атына тағы да несиелер рәсімдеген.

Қылмыстық әрекеттер салдарынан 22 адам зардап шегіп, келтірілген жалпы шығын көлемі 18 миллион теңгеден асқан.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция азаматтарды "несие тарихын түзетемін" немесе "рейтингіңізді көтеремін" деген күмәнді ұсыныстарға сенбеуге шақырады. Жеке деректерді бөгде адамдарға бермеу – қаржылық қауіпсіздіктің басты шарты.

Фото: жасанды интеллект арқылы

Просмотров (113)
ТопДок 1