Лента новостей

Семейде мас күйде электрвелосипед айдаған жүргізуші ұсталды

заң бұзушылық, электрвелосипед

Патрульдік полиция қызметкерлері Молдағалиев көшесі бойында күмән тудырған электрвелосипед жүргізушісін тексеру барысында 42 жастағы азаматтан алкоголь иісі сезіліп, оның мінез-құлқынан масаңдық белгілері байқалған, деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаментіне сілтеме жасап.

Медициналық куәландыру қорытындысы бойынша жүргізушінің жеңіл дәрежеде мас күйде болғаны анықталды. Сонымен қатар, оның көлік құралын басқаруға жүргізуші куәлігі болмағаны белгілі болды.

Аталған құқық бұзушылыққа байланысты сот шешімімен азамат 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға дейін көлік басқару құқығынан айырылды. Ал электрвелосипед айып тұрағына қойылды.

Мамандардың айтуынша, кез келген көлік құралын мас күйде басқару – адам өміріне тікелей қауіп төндіреді. Осыған байланысты құқық қорғау органдары тұрғындарды жол ережесін қатаң сақтауға шақырады.

Фото: Абай облысы полиция департаменті

Просмотров (116)
Транспорт и перевозки
ТопДок 1