2026 жылғы 27 наурыз күні Семей қаласында үш бірдей көлік қатысқан жол-көлік оқиғасы орын алды. Оқиға Қабанбай батыр мен Уранхаев көшелерінің қиылысында болған, деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаментіне сілтеме жасап.
Алдын ала мәліметке сәйкес, 27 жастағы жүргізуші басқарған Chevrolet Cobalt көлігі екінші дәрежелі жолдан басты жолға шығу кезінде қауіпсіздікке көз жеткізбей, басты бағытта келе жатқан ГАЗ-33021 автокөлігімен соқтығысқан. Соққының әсерінен үшінші көлік – ВАЗ-21901 да зақымданды.
Абырой болғанда, жол апаты салдарынан зардап шеккендер жоқ. Алайда көліктерге материалдық шығын келтірілген.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, оқиғаға себеп болған жүргізушіге қатысты әкімшілік шара қолданылды. Оған 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу немесе 6 айға дейін жүргізуші куәлігінен айыру жазасы қарастырылған.
Фото, видео: Arnapress.kz
