Лента новостей

Ұлттық статистика бюросы: Абай облысында жалақы өсімі жоғары

орташа жалақы, айлық, өсім

Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы медианалық және орташа айлық жалақы көлеміне қатысты жаңа мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Arnapress.kz бюроға сілтеме жасап. 

Ел бойынша орташа айлық атаулы жалақы 461 486 теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,1 пайызға жоғары. Алайда инфляция деңгейі ескерілгенде нақты жалақы 2,3 пайызға төмендегені байқалады.

Өңірлік бөліністе ең жоғары жалақы өсімі Абай облысында - 14,2 пайыз. Бұл өңірде орташа жалақы 405 425 теңгені құрады. Сондай-ақ өсім бойынша Павлодар облысы (448 906 теңге), Жетісу облысы (346 199 теңге), Алматы облысы (376 012 теңге) және Алматы қаласы (574 162 теңге) алдыңғы қатарда.

Ең жоғары орташа жалақы көрсеткіштері:

Маңғыстау облысы - 659 801 теңге
Ұлытау облысы - 655 995 теңге
Атырау облысы - 652 950 теңге

Салалар бойынша өсім

Жалақының ең жоғары өсімі мына салаларда байқалды:

Ауыл, орман және балық шаруашылығы - 20,3%
Қаржы және сақтандыру - 18,1%
Сумен жабдықтау - 16,5%
Электр энергиясы, газ және бу - 14,7%
Көлік және қоймалау -12,9%
Өнеркәсіп - 11,6%
Денсаулық сақтау - 7%
Білім беру - 4,2%

2026 жылдың I тоқсанында медианалық жалақы 331 527 теңге болды. Бұл көрсеткіш халықтың жартысы осы сомадан аз, ал жартысы одан көп табыс табатынын білдіреді.

2025 жылдың IV тоқсанымен салыстырғанда орташа жалақы 473 158 теңгеден төмендегенімен, медианалық көрсеткіш 339 912 теңгеден 331 527 теңгеге аздап төмендеген.

Фото: ЖИ

Просмотров (201)
ТопДок 1