Семей қаласындағы "Арена" стадионында грек-рим күресінен халықаралық турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kz.
Аталған жарыс қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада және әлем чемпионы, Қазақстанның Еңбек ері Жақсылық Үшкемпіровтің құрметіне ұйымдастырылған.

"Турнирге 15 жасқа дейінгі (U15) жас балуандар қатысуда. Халықаралық додаға Ресей, Грузия, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Қазақстаннан 300-ге жуық спортшы жиналды. Олар әртүрлі салмақ дәрежелері бойынша өзара мықтыны анықтауда", - дейді Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Нұрлан Қойжайғанов

44 келі салмақта белдескен ақтөбелік Әмір Мырзағалиев бірінші орын иеленіп, қуанышымен бөлісті.

"Қарсыласым мықты болды. Қырғыз елінен келген балуанмен бақ сынадым. Бұл – 6 жылдық дайындықтың нәтижесі деп ойлаймын", - деді ол.
Бүгін турнирдің финалдық белдесулері өтеді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы бағалы сыйлықтар табысталады.
Фото: Arnapress.kz
