Лента новостей

Қазақстанда жеке сот орындаушыларының қызметіне қойылатын талаптар күшейтілмек

сот орындаушы, жаңа заң

Мәжіліс мақұлдаған заң жобасына сәйкес, жеке сот орындаушылары міндетті аттестаттаудан өтеді, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Парламенті Мәжілісіне сілтеме жасап. 

Бұл емтихандар барысында олардың қолданыстағы заңнама мен кәсіби әдеп кодексін білу деңгейі тексеріледі. Аттестаттаудан өтпеген жағдайда лицензиядан айыру қарастырылған.

Сонымен қатар көмекшілер мен тағылымдамадан өтушілерге қойылатын талаптар да қатаңдатылады. Атап айтқанда, соңғы үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапқа тартылған адамдардың бұл қызметке араласуына тыйым салу көзделіп отыр.

Заң жобасында әділет органдарының бақылау функциялары кеңейтіледі. Енді олар бұзушылықтарды жою жөнінде ұсыныс бере алады және талаптар орындалмаған жағдайда лицензияның қызметін уақытша тоқтата тұру құқығына ие болады.

Сондай-ақ уәкілетті органдардың сұрауы бойынша жеке сот орындаушыларының банк шоттарындағы қаражат қозғалысы туралы мәліметтерді ұсыну міндеттеледі.

Фото: ЖИ

Просмотров (108)
ТопДок 1