Лента новостей

Белағаш ауылындағы клуб құрылысы бақылауда

мәдени, нысан, Белағаш

Абай облысының әкімі Берік Уәли Бородулиха ауданына жұмыс сапары барысында Белағаш ауылында салынып жатқан 100 орындық ауылдық клубтың құрылысымен танысты, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап. 

Нысан құрылысы 2023 жылы басталған. Қазіргі таңда жұмыстардың 90 пайызы аяқталған. Алайда қаржыландыру мәселесіне байланысты құрылыс қарқыны баяулаған. Жобаны толық аяқтау үшін 300 миллион теңгеден астам қаражат қажет.

Аталған ауылдық округте бұған дейін мәдениет нысаны болмаған. Клуб құрылысы жергілікті кәсіпкердің бастамасымен қолға алынғанымен, оны мемлекет теңгеріміне алу мәселесі толық шешілмеген.

Аймақ басшысы нысанның ауыл тұрғындары үшін маңызын атап өтіп, құрылысты аяқтап, пайдалануға беру қажеттігін айтты. Оның сөзінше, клуб – тек мәдени шаралар өтетін орын ғана емес, ауыл халқының бас қосатын маңызды орталығы.

Қазіргі таңда Бородулиха ауданында бір аудандық мәдениет үйі, алты округтік мәдениет үйі және төрт ауылдық клуб жұмыс істейді.

Фото: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызыметі

Просмотров (143)
ТопДок 1