Лента новостей

Шығыс Қазақстан облысында заңсыз балық аулау деректерегі анықталды

заңсыздық, ұсталды, балық, аулау

Облыс аумағында 16 сәуір мен 30 мамыр аралығында "Уылдырық шашу" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kz polisia.kz сілтеме жасап. 

Оның мақсаты – балық ресурстарын заңсыз аулаудың алдын алу және табиғат қорғау заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету.

Алғашқы бес күнде табиғатты қорғау полициясы 17 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Рейд барысында Күршім, Ұлан, Марқакөл, Алтай, Зайсан және Тарбағатай аудандарында заң бұзушылықтар тіркеліп, бірнеше хаттама толтырылды.

Полиция мәліметінше, іс-шара күшейтілген режимде жалғасуда. Тәртіп сақшылары азаматтарды табиғатты қорғау заңнамасын сақтауға және су айдындарының экожүйесін қорғауға шақырады.

Фото: polisia.kz

Просмотров (127)
ТопДок 1