Лента новостей

Павлодардағы атыста жарақаттанған сарбаздың жағдай белгілі болды

сарбаз, ауыр халде, Павлодар

Павлодардағы әскери бөлімдердің біріндегі атыста жарақаттанған сарбаздың жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Arnapress.kz Павлодар қалалық №1 ауруханасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Жарақат алған сарбаз 2001 жылы туған. Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, жағдайы ауыр, бірақ тұрақты. Науқасқа барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде", - делінген хабарламада.

Бұған дейін жазғанымыздай, сәйкес, келісімшарт бойынша әскери қызметші өзіне бекітілген қарудан оқ атқан, салдарынан өзі оқиға орнында қаза тапты, тағы бір келісімшарттағы әскери қызметші жарақат алған еді.

Фото: ЖИ

Просмотров (111)
ТопДок 1