Лента новостей

Air Astana мен FlyArystan-ға айыппұл салынды: авиаотын деректері бұрмаланған

авиакомпания, бұрмалау, жалған

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі авиаотынмен қамтамасыз ету мәселелері бойынша жүргізілген тексеру нәтижесінде "Air Astana" АҚ және "FlyArystan" АҚ компаниялары тарапынан мәліметтерді бұрмалау фактілері анықталғалды, деп хабарлайды Arnapress.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап. 

Ведомствоның мәліметінше, авиакомпаниялар авиаотын көлеміне қатысты есептерде нақты емес ақпарат көрсеткен. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, аталған компанияларға әкімшілік шаралар қолданылды.

Нәтижесінде әрбір авиакомпанияға 100 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салынды.

Министрлік мұндай шаралар авиация саласында отын есебінің ашықтығын қамтамасыз ету және есептіліктің дұрыстығын арттыру мақсатында қабылданғанын атап өтті.

Фото: ЖИ

Просмотров (259)
ТопДок 1