Лента новостей

Биыл әскери жиынға қанша қазақстандық шақырылатыны белгілі болды

әскер, 3000, жиын

Биыл Қазақстанда 3000 әскери міндетті азамат әскери жиындарға қатысады, деп хабарлады Arnapress.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов 2026 жылғы 31 наурызда әскери міндеттілерді оқу-жаттығу жиындарына шақыру туралы бұйрыққа қол қойған.

Құжатқа сәйкес, әскери жиындарға шақыру 2026 жылғы 19 сәуірден бастап күшіне енеді. Ал жиындардың өзі мамыр айынан қазан айына дейін өтеді.

Әскери жиындар – әскери басқару органдары мен уәкілетті мемлекеттік құрылымдар ұйымдастыратын арнайы дайындық шаралары. Оның мақсаты – әскери міндетті азаматтардың білімін жетілдіру, тәжірибесін арттыру және қорғаныс саласындағы дайындық деңгейін күшейту.

Айта кетейік, мұндай жиындар еліміздің заңнамасына сәйкес тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

Фото: ЖИ

Теги: , ,
Просмотров (90)
ТопДок 1