Лента новостей

Абай облысында адам саудасы ісі бойынша үкім шықты

сот, үкім, алдау, Аягөз

Абай облысында адам саудасы ісі бойынша үкім шықты6 деп хабарлайды Arnapress.kz облыстық сотқа сілтеме жасап

Аягөз аудандық сотында бірнеше адамды алдау және сенімге кіру арқылы еңбекке жіберу фактілері қаралды. Сот мәліметінше, айыпталушы 2024–2025 жылдары әлеуметтік осал азаматтарды тауып, жұмысқа орналастыру сылтауымен шаруа қожалықтарына жіберген. Ал алдын ала төленген қаражатты өз пайдасына пайдаланған.

Іс бойынша бес эпизод анықталды. Жәбірленушілер Семей қаласында вокзалдар мен базар маңында танысып, оның уәдесіне сенген. Кейбір жағдайларда олардың еркін қозғалысы шектеліп, психологиялық қысым көрсетілген.

Сотта айыпталушы кінәсін толық мойындап, шығынды өтегенін және жәбірленушілермен татуласқанын айтты. Жәбірленушілер де оны кешіргендерін білдіріп, бас бостандығынан айыру жазасын сұрамады.

Дегенмен сот барлық мән-жайды ескере отырып, айыпталушыны кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім өзгеріссіз қалып, заңды күшіне енді.

Фото: жасанды интеллект арқылы

Просмотров (124)
ТопДок 1