Лента новостей

Абай облысында автокөлік алаяқтығы: Астана тұрғыны ұсталды

алаяқтық, Семей, Астана

Абай облысының полиция қызметкерлері ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен Астана қаласының 37 жастағы тұрғынын анықтады, деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаментіне сілтеме жасап.

Тергеу барысында анықталғандай, 2024 жылғы желтоқсанда күдікті "Toyota" маркалы автокөлікті сатамыз деп 38 жастағы Семей қаласының тұрғынынан 5 300 000 теңге иемденген. Алайда уәде етілген автокөлік жәбірленушіге жеткізілген жоқ.

Күдікті жасаған әрекетін мойындады. Анықталғандай, алынған қаражат оның тарапынан жұмсалған және қазірге дейін қайтарылмаған.

Қазіргі таңда ер адамға қатысты процессуалдық міндет ретінде келуге міндеттеу шарасы қолданылды.

Полиция азаматтарды ірі мәмілелер жасарда сақ болуға, сатушылар мен сатылатын мүлік туралы ақпараттың шынайлығын мұқият тексеруге шақырады.

Фото: жасанды интеллект арқылы

Просмотров (151)
ТопДок 1