Лента новостей

Абай облысында онлайн-несие алаяқтық фактісі анықталды

алаяқтық, несие, алдау

Абай облысында жұмысқа орналастыру сылтауымен несие рәсімдеген алаяқтық фактісі анықталды, деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаментіне сілтеме жасап

Аягөз ауданының 41 жастағы тұрғыны танысына сенім артқаннан кейін күтпеген жерден 499 850 теңге көлемінде қарызға ұшырады.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 2025 жылғы қарашада Жетісу облысының 39 жастағы тұрғыны жұмысқа орналастыруға көмектесемін деп уәде беріп, жәбірленушінің телефоны арқылы оның атына онлайн-несие рәсімдеген.

Өз атына несие рәсімделгенін әйел кейін білді. Полицияға жүгінгеннен кейін қажетті жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп, күдікті анықталды. Оның әрекеті алаяқтық бабы бойынша сараланды.

Қазіргі уақытта күдіктінің үстінен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, оған қатысты процессуалдық мәжбүрлеу шарасы ретінде келу туралы міндеттеме қолданылды.

Құқық қорғау органдары ескертеді: ұялы телефон мен жеке деректерді таныс адамдарға да бермеңіз. Онлайн-қызметтер арқылы несие бірнеше минутта рәсімделуі мүмкін, алаяқтар осыны жиі пайдаланады.

Фото: жасанды интеллект арқылы

Просмотров (138)
ТопДок 1