Лента новостей

Әлемдегі ең бай адамдар рейтингі жарияланды

Forbes, бай, адамдар, Қазақстан

Қазақстанда экономика өсіп жатқанына қарамастан, халықтың нақты табысы төмендеп отыр. Бұл туралы экономист Алмас Чукин мәлімдеген еді. Оның айтуынша, өткен жылы халықтың нақты табысы 6 пайызға азайған, ал елдің жалпы ішкі өнімі 6,5 пайызға өскен. Сарапшы мұндай айырмашылықтың негізгі себебі инфляция екенін атап өтті. Бағаның өсуі табыстың номиналды өсімін іс жүзінде құнсыздандырып, азаматтардың қалтасына айтарлықтай әсер етпей отыр.

Ал осы уақытта әлемде ірі байлық иелерінің саны керісінше артып келеді. Forbes журналы әлемдегі ең бай адамдардың кезекті рейтингін жариялады деп хабарлайды Arnapress.kz басылымға сілтеме жасап.

Тізімде екінші жыл қатарынан бірінші орынды Илон Маск иеленді. Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаушы, сондай-ақ X әлеуметтік желісінің иесі Илон Масктың байлығы 839 миллиард доллар деп бағаланған.

Екінші орында Ларри Пейдж тұр. Google компаниясының негізін қалаушының байлығы 257 миллиард доллар. Ал үшінші орынды Google-дің тағы бір негізін қалаушы Сергей Брин иеленді. Оның дәулеті 237 миллиард доллар деп бағаланған.

Forbes дерегінше, биылғы рейтингте 3428 миллиардер бар. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 400 адамға көп және тізім 1987 жылдан бері жасалып келе жатқан уақыттағы рекордтық көрсеткіш.

Рейтингке Қазақстаннан сегіз кәсіпкер енген. Олар: Вячеслав Ким (477-орын), Владимир Ким (712), Тимур Құлыбаев (780), Динара Құлыбаева (780), Болат Өтемұратов (780) және Тимур Турлов (823). Сондай-ақ бұл рейтингке алғаш рет Нұрлан Смағұлов (2858-орын) пен Айдын Рахымбаев (3185-орын) кіріп отыр.

Forbes мәліметінше, Вячеслав Кимнің байлығы 7,8 миллиард доллар, Владимир Кимнің байлығы 5,9 миллиард доллар. Ал Тимур Құлыбаев, Динара Құлыбаева және Болат Өтемұратовтың дәулеті 5,4 миллиард доллар шамасында бағаланған. Тимур Турловтың байлығы 5,2 миллиард доллар, Нұрлан Смағұловтың капиталы 1,3 миллиард доллар, ал Айдын Рахымбаевтың байлығы 1,1 миллиард доллар деп көрсетілген.

Фото: жасанды интеллект арқылы

Просмотров (131)
ТопДок 1