Лента новостей

Семейде жеңіл көлік локомотивпен соқтығысты

жол апаты, теміржол, локомотив

Семей қаласында автокөлік пен теміржол локомотивінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді деп хабарлайды Аrnapress.kz полиция департаментіне сілтеме жасап

Абай облысы Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 2026 жылғы 11 наурыз күні шамамен сағат 03:00-де болған. Алдын ала дерекке сәйкес, 24 жастағы Mercedes-Benz автокөлігінің жүргізушісі Қаржаубайұлы көшесімен келе жатып, реттелмейтін теміржол өткелінен өтер кезде маневрдің қауіпсіздігіне көз жеткізбей, өтіп бара жатқан локомотивпен соқтығысқан.

Соқтығыс салдарынан локомотив жеңіл көлікті біраз қашықтыққа дейін сүйреп кеткен.

Көліктің ішінде 19 жастағы жолаушы қыз болған. Ол медициналық мекемеде тексеруден өтіп, өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ екені анықталған. Ал жүргізушіге медициналық көмек қажет болмаған.

Аталған факті бойынша жүргізуші теміржол өткелінен өту ережелерін бұзып, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің бүлінуіне әкеп соқтырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, оған көлік құралын басқару құқығынан тоғыз айға дейін айыру жазасы қолданылуы мүмкін.

Полиция департаменті жүргізушілерге теміржол өткелдерінен өту кезінде аса мұқият болып, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.

Фото: жасанды интеллект арқылы

Просмотров (177)
ТопДок 1