Лента новостей

Семейде шахматтан республикалық турнирдің кезеңі өтуде

Senat Open, турнир, 7 санат, финал, Астана

Семей қаласында Senat Open турнирінің 1/8 финалы аясында атқарушы күштер мен құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында шахматтан тартысты сайыс өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz.

Аталған жоба 2026 жылдың 7 ақпаны мен 1 сәуірі аралығында ҚР Парламенті  санатының бастамасымен және Қазақстан шахмат федерациясы қолдауымен ұйымдастырылып жатқан республикалық турнир. Жартылай финалда Абай облысы, Қарағанды облысы, Ұлытау және Астана қаласы өзара бақ сынайды. 

Бұған дейін Абай облысында жарыс аясында денсаулық сақтау, білім және ғылым салаларының өкілдері, ардагерлер, мемлекеттік қызметкерлер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ атқарушы күштер мен құқық қорғау органдары қызметкерлері өзара бақ сынады. Үздік шыққан қатысушылар жүлделі орындарға ие болып, келесі кезеңге жолдама алды.

Алдағы күндері додаға бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен мәдениет және өнер саласының қызметкерлері қатыспақ.

Турнирдің 1/4 финалы 30 мамыр күні Семей қаласында өтеді. Бұл кезеңде жоғарыда аталған жеті санаттан іріктелген үздік шахматшылар бақ сынайды.
1/4 финал қортындысы бойынша 35 ойыншы полуфиналға өтеді. 1/4 жеңімпаздары полуфиналға 29 маусымда Жезқазғанға барады. Ал финал 28 тамызда Астана қаласында өтеді. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар беріліп, грамоталармен марапатталады

Жоба зияткерлік спортты кеңінен насихаттауға, дарынды ойыншыларды қолдауға және олардың кәсіби дамуына қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған. Сонымен қатар турнир мемлекеттік органдар, бизнес құрылымдар, білім беру мекемелері және БАҚ өкілдерін біріктіріп, қоғам мен федерация арасындағы тұрақты диалогты дамытуға ықпал етеді.

Сондай-ақ бастама серіктестік байланыстарды нығайтып, шахмат жобаларын ақпараттық қолдауды кеңейтуге және республикалық деңгейдегі турнирлерге деген қоғамдық қызығушылықты арттыруға септігін тигізеді.

Осылайша, Senat Open — елімізде шахмат мәдениетін дамытуға, ынтымақтастықты күшейтуге және зияткерлік құндылықтарды ілгерілетуге бағытталған тиімді алаң.

Гүлнұр Ахметжан

Фото: Абай облысы шахмат федерациясы

Просмотров (117)
ТопДок 1