Лента новостей

8 наурыз мерекеге орай гүлдер қай елдерден тасымалданатыны белгілі болды

гүл, тасымал, мереке

Қазақстанға әкелінетін гүлдердің қай мемлекеттерден жеткізілетіні белгілі болды, деп хабарлайды Arnapress.kz Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы деректеріне сілтеме жасап.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылы елімізге 77,6 млн АҚШ долларына 10 954 тонна гүл мен гүл бүршігі импортталған. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 1,4 мың тоннаға аз.

Гүлдердің негізгі жеткізушісі – Эквадор. Жалпы импорт көлемінің 41,9 пайызы немесе 4 586 тоннасы осы елдің үлесінде.

Сонымен қатар гүлдер ірі көлемде мына мемлекеттерден жеткізілген:
– Қытай – 2 678 тонна
– Нидерланд – 1 702 тонна
– Колумбия – 778 тонна
– Кения – 739 тонна

Жалпы алғанда, былтыр Қазақстанға гүлдер әлемнің 45 елінен импортталған. Елімізге ең көп әкелінетін гүл түрі – раушан. 2025 жылы 6 219 тонна раушан гүлі жеткізілген.

Фото: Arnapress.kz

Просмотров (149)
ТопДок 1