Лента новостей

Мемлекет басшысы Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады

Шайдоров, марапаттау, ел басы

Ақорда резиденциясында ХХV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоров пен оның жаттықтырушыларын марапаттау рәсімі өтті деп хабарлайды Arnapress.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Салтанатты жиында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл Олимпиаданың Қазақстан үшін айрықша маңызға ие екенін атап өтті. Президент отандасымыздың жоғары шеберлігін ерекше бағалап, мәнерлеп сырғанаудан алтын медаль жеңіп алып, көк Туды Олимп шыңына көтергенін айтты.

"Михаил Шайдоров тамаша өнер көрсетті. Сіздер қажырлы еңбек пен табандылықтың арқасында оны мықты спортшы ретінде бүкіл әлемге таныттыңыздар. Халқымыз Михаилды мақтан тұтады, ал жас буын одан үлгі алады. Олимпиада чемпионы болу – үлкен мақсат жолында барлық қиындықты еңсеру деген сөз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент бұл жеңістің тарихи маңызына да тоқталды. Оның айтуынша, бұл - 32 жылдан кейін қол жеткізген тарихи жүлде және мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан қоржынына түскен алғашқы Олимпиада алтыны. Сонымен қатар, әлем жұртшылығы елімізде Денис Теннің жолын жалғастыратын дарынды жастардың бар екеніне куә болды.

Мемлекет басшысы Михаил Шайдоровтың Кортина д’Ампеццо мұз айдынындағы жарқын өнерін нағыз триумф деп атап, бұл жетістік спортшының табандылығы мен өз ісіне деген ерекше сүйіспеншілігінің жемісі екенін айтты.

Фото: Ақорда

Просмотров (133)
ТопДок 1