Бүгін Абай облысының әкімі Берік Уәли компания өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында өңірде білім саласына арналған "Qazaq Digital Mektebi" жобасын іске асыру мәселелері қаралды деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап
Жиында компания өкілдері жобаның негізгі бағыттарын таныстырып, жасанды интеллектке негізделген білім беру платформасының мүмкіндіктерін баяндады. Атап айтқанда, жүйе оқу процесін басқарудың базалық құралдарын, цифрлық оқулықтарды, оқушы мен мұғалімге арналған AI-ассистенттерді, оқу сапасын бақылау механизмдерін және білім беру контентінің маркетплейсін қамтиды.
Компанияның басқарушы директоры Алмас Өтегұлов өңірдің білім саласындағы әлеуеті жоғары екенін атап өтіп, жобаны облыстағы шағын жинақты мектептерде жүзеге асыруға ниетті екенін жеткізді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар цифрлық білім беру жобаларын кезең-кезеңімен енгізу бағытында бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты.
Фото: жасанды интеллект арқылы
