Лента новостей

Абай облысының балуандары ел чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

чемпионт, грек-рим, жеңіс, Абай облысы

2026 жылғы 21 ақпан мен 2 наурыз аралығында Астана қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен U17 жас санаты бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kz.

Ел біріншілігі жас спортшылар үшін үлкен сын әрі тәжірибе алаңы болды. Байрақты бәсекеде Абай облысының балуандары ел біріншілігінде жоғары деңгейде өнер көрсетіп, қайсар мінезі мен табандылығын дәлелдеді. Осы сайыста 80 келі салмақта Әлинұр Төлеуғали чемпион атанса, күміс жүлдегерлер Әмір Омарғалиев (65 кг), Уалиев Әділжан (110 кг)
Қола жүлдегерлер Ербол Саятбеков (45 кг) және Сейілбек Семейбек (48 кг) атанды. 

Чемпион атанған жерлесіміз жас Әлинұр Төлеуғали спортшының жеңісі - жүйелі дайындық пен табанды еңбектің жемісі. Тілшіміз оның әкесі әрі жаттықтырушысы Қуат Тлекеновпен тілдесіп, баласының спорттағы жолы туралы сұрады.

“Аягөз қаласында туған 5 жасынан мен залға апарып жүрдім 6 жасынан Аягөз қаласында Абалхайров Нұрсайн дайындап 4 кластан Семейде өзім дайындадым, 7 кластан Мұрат Әмиров ағасында жаттықты”, - дейді Әлинұрдың әкесі жасөспірімдер арасында аға жаттықтырушы Қуат Тлекенов.

Әр баланың артында жақсы әке тұрса, жетістікке жетпей тынбайды дейді Қуат мырза.

“Әлинұр 2024-кіші жасөспірімдер арасында КР чемпионы атанса, кіші жасөспірімдер арасында Азия чемпионатының күміс жүлдегері болды. 2025 жылы Турцияда (Анталия) ҚР чемпионатының күміс жүлдегері және Ресейде (Новосибирск) өткен халықаралық турнирде қола жүлдегер атанды”, - деп мақтанышпен атап өтті.

Сондай-ақ осы чемпионатта грек-рим күресінен 65 келі салмақта күміс жүлде иеленген жерлесіміз Әмір Өмірғалиев де жарыс жайлы пікірін білдірді.

“Мен Абай облысы, Үржар ауданы, Елтай ауылында туып-өстім. Кішкентай кезімнен спортқа жақын болдым. 1 сыныптан бастап кәсіби түрде дайындала бастадым. Жеңіске жету - еңбектің, тердің нәтижесі. Жаттықтырушыларыма алғысым шексіз. Алдағы уақытта биіктерден көрінеміз деп сенемін”, – дейді Әмір.

Жаттықтырушылардың айтуынша, бұл чемпионат спортшылардың шеберлігін шыңдап қана қоймай, олардың халықаралық деңгейдегі жарыстарға дайындығын бағалауға мүмкіндік берген.

“Жаттыққан балалар өз деңгейін дәлелдеді. Ел ордада өнерлерін көрсету – олардың табандылығы мен күш-жігерінің нәтижесі. Әрбір жеңіс – бұл тек жеке спортшының ғана емес, бүкіл Абай облысының намысын қорғау. Біздің басты мақсат – оларды тек медальмен ғана емес, халықаралық деңгейде өнер көрсетуге лайықты дайындықпен қамтамасыз ету. Болашақта да осы балалар елімізді халықаралық ареналарда танытатынына сенімім мол,” – деді Әмірдің жаттықтырушысы Арман Аветбеков

Айта кетейік, жасөспірімдер арасындағы ел чемпионаты – болашақ чемпиондардың қалыптасу алаңы. Абай облысының балуандары көрсеткен нәтиже өңірде спортқа жүйелі қолдау бар екенін аңғартады. Алда оларды жаңа белестер мен халықаралық додалар күтіп тұр.

Гүлнұр Ахметжан

Фото: кейіпкерлерден

Просмотров (194)
ТопДок 1