Лента новостей

Жамбыл облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы қызметінен босатылды

жоғары сот, төраға, қызметінен босады

Жамбыл облысы Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өткізілді деп хабарлайды Аrnapress.kz ҚР Жоғары Сот кеңесіне сілтеме жасап

Отырыс барысында Жамбыл облыстық сотының төрағасы міндетін атқарушыны қызметінен босату, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының облыстық және оларға теңестірілген соттардың төрағаларын тағайындау жөніндегі ұсыныстары қаралды.

Қарау қорытындысы бойынша Жамбыл облыстық сотының төрағасы міндетін атқарушысы қызметінен босатылды.

1Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы1 Заңының талаптарына сәйкес Астана қалалық соты, Алматы қалалық соты және Жамбыл облыстық соты төрағаларын тағайындау туралы ұсыныстар қаралды. Барлық бос лауазымдарға ұсыныстар баламалы негізде енгізіліп, іріктеу рәсімдерінің бәсекелестігі мен объективтілігі қамтамасыз етілді.

Талқылау нәтижесінде Жоғары Сот Кеңесі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсыныстарын қолдап, кәсіби тәжірибесі мол, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, ең білікті әрі тәжірибелі судьяларды тағайындады.

Дмитрий Малаховтың төрағалығымен Жоғары Сот Кеңесі өз қызметін заңдылық, ашықтық және айқындық қағидаттарына негіздей отырып жүзеге асырады. Бұл шешімдер кадрлық іріктеудің объективтілігін қамтамасыз етіп, елдің кәсіби, тәуелсіз және тұрақты судьялар корпусын қалыптастыруға ықпал етеді.

Фото: жасанды интеллект арқылы

Просмотров (238)
ТопДок 1