Лента новостей

Қарағанды облысында жойғыш ұшағы апатқа ұшырады

Су-30СМ, ұшақ, апат, Қарағанды

25 ақпан күні Қарағанды облысында жоспарлы оқу-жаттығу ұшулары барысында Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөзіне сілтеме жасап

Экипаж дер кезінде катапульт жасады. Ұшқыштар аман-есен, өмірлері мен денсаулығына қауіп жоқ. Қазіргі уақытта олар медициналық бақылауда.

Ұшақ құлаған аумақ қоршауға алынды. Тұрғындар мен инфрақұрылым нысандарына қауіп жоқ.

Оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің арнайы комиссиясы құрылды. Комиссияны Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі департамент басқарады, құрамына авиациялық қызметтің арнайы мамандары кірді.

Тергеу қорытындысы бойынша құқықтық баға беріліп, тиісті процессуалдық шешім қабылданады.

Фото: жасанды интеллект арқылы

Просмотров (135)
ТопДок 1