Лента новостей

Семейде ЖЭО-3 салу орны әлі анықталмады: екі нұсқа қарастырылуда

ЖЭО-3, Степной, Озерки, салынады, 2029 жыл

Абай облысындағы ЖЭО-3 жылу орталығының орналасуы мен құрылыс мерзімі жайлы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Абай облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Раджан Сейтқанов мәлімдеді деп хабарлайды Arnapress.kz.

Бұған дейін жазғанымыздай жылу беру қазандықтары өңірде ыс пен күйе мәселесіне қатысты шағымдарға жауап алсақ, енді жаңадан салынатын жылу орталығының іске қосылуы осы проблемаларды шешіп, облыс орталығының тұрғындарына тұрақты және сапалы жылу қамтамасыз етіледі.

“Ең бастысы, облыс орталығында халықтың барлығы күтіп отырған жылу электр орталығының құрылысы көптеген мәселелерді шешетіні барлығымызға аян. Егер осы орталық салынса, қазіргі таңда жұмыс істеп тұрған 20 шақты кішкентай қазандық резервтік режимге (насосный) көшеді де, жаңа жылу орталығы арқылы экологиялық мәселелерімізді шешеміз. Екіншіден, облыс орталығының жылу тапшылығын жоюға және энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік туады. Өздеріңізге белгілі, ЖЭО-3 салу 2005 жылдан бастап жоспарланған болатын. Алғашында экономикалық негіздеме техникасы “Самұрық-Энерго” тарапынан жасалған. Ең бастапқы тарихи орны - Озерки ауылы маңы болған. 2023 жылы барлық құжаттамалар дайын болғаннан кейін белгілі себептерге байланысты орталық Степной кентіне ауыстырылды. Бұл орналасуға байланысты экономикалық, техникалық және экологиялық әсерлер мамандар тарапынан талданады. Биылғы көктемнен қалмай құрылысын бастауға Президентіміздің тапсырмасы бар. Жобаны “Самұрық-Энерго” 2029 жылдың төртінші тоқсанына дейін аяқтауы тиіс. Қазіргі таңда орталық тарихи Озерки ауылына салына ма, әлде жаңадан таңдалған Степной кентіне орналастыра ма – мамандар соңғы таңдауларын жүргізіп жатыр, бірақ екі нұсқада да құжаттар дайын. Бұйыртып, биылғы көктемнен құрылыс басталса, бұл облыс үшін үлкен қуаныш болады", - деді басқарма басшысы.

Фото: жасанды интеллект арқылы жасалды

Просмотров (498)
ТопДок 1