Редакциямызға Семейдегі қоғамдық көліктерде суық болатындығы туралы тұрғындардан жиі шағымдар келіп түсуде, деп хабарлайды Arnapress.kz.
Оқырмандардың сөзінше, автобустардағы жылыту жүйесі кейде істемей қалады, ал жолаушылар аязда тоңып, діттеген жерлеріне жетуге мәжбүр болады.
“Восточныйдан БСМП-ға дейін 35-пен келдік, қатып қалдық. Осындай автобустарды аязда неменеге шығарады? Жаңа автобустарды шығармай ма?”, - дейді оқырманымыз.
Қоғамдық көліктердегі жылыту мәселесі әсіресе қатты суық күндері өзекті болып отыр. Тұрғындар автобустардың жағдайын жақсартуды, сондай-ақ қыс мезгілінде жаңа және жылытылған көліктерді қатыстыруды сұрап отыр.
Еске салайық, "Сіздің жаңалығыңыз" айдарына хабарлама жіберу үшін WhatsApp +7 708 504 30 05 нөміріне жазсаңыз болады.
Фото: видеодан скриншот
