Лента новостей

Семейде ірі алаяқтық фактісі тергелуде

алаяқ, ақша алу, тұрғын үй, алдау

Семей қаласының полициясы мемлекеттен тұрғын үй алуға көмектесеміз деп уәде етіп, 5 миллион теңге ірі көлемде иемденген алаяқтық дерегін тексеріп жатыр деп хабарлайды Аrnapress.kz полиция департамантіне баспасөзіне сілтеме жасап

36 жастағы қала тұрғыны 2025 жылғы тамыз айында 56 жастағы әйел мен оның 59 жастағы жұбайының банктік шотына ақша аударған. Ерлі-зайыптылар жәбірленушіге мемлекеттік бағдарлама арқылы кезексіз пәтер алып береміз деп уәде еткен, алайда уәде орындалмаған. Аударылған қаражат кері қайтарылмаған. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу басталып, күдіктілерден келу туралы міндеттеме алынған.

Полиция ескертеді: мемлекеттік тұрғын үй, әлеуметтік төлемдер немесе жеңілдіктерді заңсыз жолмен «шешеміз» деген ұсыныстарға сенбеу керек. Мұндай әрекеттер қылмыстық жауапкершілікке әкеледі. Ақпаратты тек ресми дереккөздерден тексеріңіздер.

Фото: жасанды интеллект арқылы

Просмотров (188)
ТопДок 1