Семей қаласындағы №35 әлеуметтік маңызы бар автобус бағытына қатысты қала әкімдігі пікір білдірді, деп хабарлайды Arnapress.kz.
Еске сала кетейік, сайтымызға тұрғындар 35 маршурут суық, жеткенше тоңып барамыз деп жазған болатын. Соған Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жауабында: “Аталған бағыт “Авто Транс” ЖШС жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру келісімшартына сәйкес қызмет көрсетеді. Бағытқа үлкен сыйымдылықты жылжымалы құрамдар жіберілген. "Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ тарапынан тасымалдаушы мекемеге шағымдар жиі жолданады. Субсидиялау келісімшарты аясында ақпан айына бекітілген субсидия сомасын төмендету мәселесі қарастырылған. Сондай-ақ тасымалдаушы биылғы жылы ескі жылжымалы құрамдарды келісімшарт талаптарына сәйкес жаңартуы тиіс екені хабарланды. Егер келісімшарт талаптары орындалмаған жағдайда, құжат сот шешімі негізінде бұзылуы мүмкін”,- деп жауап берді.
Фото: Arnapress.kz.
