Лента новостей

Семейдегі жерүсті көпірі бойынша заң бұзушылықтар анықталды

көпір, заңсыздық, Семей

Семей қаласындағы көмір кенішінің аумағында салынып жатқан жерүсті көпірінің құрылысы заң талаптарын бұза отырып жүргізілгені анықталды, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай соттарына сілтеме жасап. 

Абай облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы жүргізген тексеру барысында жобалық-сметалық құжаттаманың міндетті сараптамадан өтпегені, авторлық және техникалық қадағалаудың болмағаны және құрылыс жұмыстарының басталғаны туралы тиісті органдарға хабар берілмегені белгілі болды.

Осыған байланысты сот акционерлік қоғамды уәкілетті органның нұсқамасын орындауға міндеттеді. Сонымен қатар, жауапкерден мемлекет кірісіне мемлекеттік баж өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Фото: ЖИ

Просмотров (109)
ТопДок 1