Лента новостей

Абай ауданында мерекеге орай жаңа баспаналар табысталды

мереке, жаңа пәтер, кілті

Абай ауданында Наурыз мерекесі қарсаңында 18 отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігі баспасөзіне сілтеме жасап.

Қарауыл ауылында ұзақ жылдар бойы бос тұрған үш қабатты тұрғын үй қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді. Пәтерлер мемлекеттік кезекте тұрған азаматтарға табысталды.

Жалпы, жаңа тұрғын үйден 5 бір бөлмелі, 11 екі бөлмелі және 1 үш бөлмелі пәтер иелеріне кілттері тапсырылды.

Айта кетейік, тұрғын үйді жаңғырту жұмыстары облыс әкімдігінің қолдауымен жүзеге асқан.

Фото: Абай облысы әкімдігінің баспасөзі

Просмотров (147)
ТопДок 1