Лента новостей

Семейдегі аялдамаға апаратын жолдың қашан аяқталатыны белгілі болды

аялдама, Северный, Қарағайлы

Қарағайлы ықшам ауданындағы "Северный" аялдамасына апаратын жолда жөндеу жұмыстар уақыты белгілі болды, деп хабарлайды Arnapress.kz

Бұған дейін кешен тұрғындардың аялдамаға жетулері мұң, шаң тозаң болатынын жазған едік. Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі жауап берген екен.

"Қазіргі уақытта аталған аумақта жоспарға сәйкес тиісті жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылуда. Алдын ала мәлімет бойынша, жолды толық жөндеу 20 мамырға дейін аяқталады деп жоспарланған. Жауапты мекеме тұрғындарға келтірілген уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, түсіністік танытқандары үшін алғыс білдіреміз", - делінген хабарламада

Фото: Arnapress.kz

Просмотров (116)
ТопДок 1