Лента новостей

Мұғалім оқушы үшін сабақ кезінде ғана жауапты болады: мәжілісте заң қабылданды

білім, мектеп, заң

Мәжіліс педагог мәртебесі, білім беру, денсаулық сақтау және бала құқықтарын қорғау мәселелеріне қатысты заңды екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Arnapress.kz мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құжат Мемлекет басшысының педагогтердің құқықтарын заң жүзінде күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында әзірленген.

Жаңа заңға сәйкес, педагогтердің оқушылар үшін жауапкершілігі тек оқу процесі кезінде ғана қарастырылады. Ал балалардың өмірі мен қауіпсіздігі үшін ата-аналардың жауапкершілігі кеңейтілді.

Сонымен қатар, мұғалімдерге қағаз және электронды есепті қатар жүргізуге тыйым салынды. Мектептерде ұялы телефон қолданудың бірыңғай тәртібі енгізіліп, оқушыларды ғылыми жұмысқа тарту бойынша қосымша шаралар қарастырылды.

Заң аясында шетелдік жетекші университеттердің Қазақстанда филиал ашуына құқықтық жағдай жеңілдетіледі. Алайда олар мемлекеттік білім беру стандарттарын сақтауы тиіс.

Сондай-ақ медициналық білім беру жүйесі жаңартылып, 6 жыл оқу мен 1 жыл интернатурадан тұратын интеграцияланған модель енгізіледі. Түлектер интернатурадан кейін толыққанды дәрігерлік тәжірибемен айналысу құқығына ие болады.

Фото: ЖИ

Просмотров (95)
ТопДок 1