Лента новостей

Семейде мереке қарсаңында бірқатар жолдар жабылады

жол,уақытша жабық,Семей

Семей қаласында Наурыз мерекесіне орай бірқатар көшелерде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Arnapress.kz қала әкімдігі баспасөзіне сілтеме жасап

Қала әкімдігі хабарлағандай, мерекелік іс-шараларды өткізуге байланысты қозғалыс 20 наурыз күні сағат 10:00-ден бастап 22 наурыз күні 22:00-ге дейін шектеледі.

Осы кезеңде келесі учаскелер жабылады:
– Қайым Мұхамедханов көшесі (Шмидт көшесінен Ибраев көшесіне дейін)
– Абай көшесі (Шәкәрім даңғылынан Алаш Қозбағаров көшесіне дейін)
– Алаш Қозбағаров көшесі
– Мұхтар Әуезов алаңы және оған іргелес аумақтар
– Сонымен қатар, бекітілген сызбаға сәйкес өзге де көшелер

Қоғамдық көліктердің қозғалысы уақытша өзгертіліп, айналма бағыттар арқылы ұйымдастырылады. Тасымалдаушыларға маршруттардың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, қозғалыс аралығын сақтау және жолаушыларды дер кезінде ақпараттандыру тапсырылған.

Бұл күндері қоғамдық көлік қозғалысына күнделікті мониторинг жүргізіледі. Қала тұрғындары мен қонақтарынан бағыттарын алдын ала жоспарлап, уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарау сұралады.

Фото: жасанды интеллект арқылы жасалды

Просмотров (85)
ТопДок 1