Лента новостей

Абай облысы айтыскерлері келесі кезеңге жолдама алды

айтыс, батыс, шығыс, келесі кезең

Семей қаласындағы Абай атындағы театрда "Жайық келіп, Ертіске қосылғанда" атты Абай және Батыс Қазақстан облыстары ақындарының республикалық командалық айтысы өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz

Шара облыс әкімдігінің қолдауымен, "Amanat" партиясы және Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының ұйымдастыруымен өтті.

Айтыс Мемлекет басшысы бекіткен "Наурызнама" онкүндігінің алтыншы күні – Жаңару күніне орай ұйымдастырылып, елдегі рухани шаралардың бастауын Абай облысынан алды.

Айтыстың ашылу салтанатына облыс әкімі Берік Уәли қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Өңір басшысы өз сөзінде "Семейдің мәдени маусымдары" жобасы аясында бұл шараның "Семей көктемінің" маңызды бөлігі екенін атап өтті.

"Бүгін біз екі өңірдің рухани тоғысуына куә болып отырмыз. Жайық пен Ертіс – арнасы бөлек болғанымен, рухы бір, жыры ортақ. Бұл айтыс ел бірлігі мен ұлттық құндылықтарды дәріптейтін тағылымды дода боларына сенім мол", - деді Берік Уәли.

Айтыстың қазылар алқасына Қазақстанның халық жазушысы Жүрсін Ерман төрағалық етті. Жыр додасын ақын, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Аманжол Әлтай жүргізді.

Сайыс барысында екі өңірдің ақындары түрлі айтыс түрлері бойынша бақ сынады. Абай облысының намысын Әсем Ережеқызы, Нұржан Өмірбай, Айбек Жеңісқазин және Қуандық Кенжебекұлы қорғады. Сонымен қатар өңір өнерпаздары ән, күй, жыр және терме жанрлары бойынша өнер көрсетті.

 

Ал Батыс Қазақстан облысының командасын Мұрадым Мирланов бастап шықты. Олардың қатарында Бауыржан Шимердинұлы, Жансая Мусина, Талғат Мықи және Айнабек Бисенғалиев сынды ақындар өнер көрсетті.

Шара ұлттық өнерді насихаттап, өңіраралық мәдени байланысты нығайтуға бағытталды.

Айтыс қорытындысы бойынша қатысушыларға арнайы алғыс хаттар мен сертификаттар табысталды.

Фото, видео: Arnapress.kz

Просмотров (116)
ТопДок 1