Лента новостей

Семейде 29 жастағы тұрғын полимерлі пакетпен ұсталды

психотроптық, зат, заңсыз, полимер, ұсталды

Семей қаласында полиция қызметкерлері психотроптық заттарды заңсыз сақтау фактісінің жолын кесті. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында облыс орталығының 29 жастағы тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаменті баспасөзіне сілтеме жасап.

Тексеру кезінде күдіктіге тиесілі Mercedes-Benz маркалы автокөліктің салонынан қара изолентамен оралған, ерекше иісі бар 6 полимерлі түйіншек табылып, тәркіленді.

Оқиға орнын қарау барысында күдіктінің қатысуымен тағы да қара изолентамен оралған 19 полимерлі пакет анықталды. Олардың ішінде ақ түсті, ұнтақ тәрізді, ерекше иісі бар зат болған.

Сот сараптамасының қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттардың құрамында психотроптық зат - пирролидиновалерофенон (α-PVP) бары анықталды. Тәркіленген заттардың жалпы салмағы шамамен 15 граммды құрады.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу амалдары жалғасуда.

Фото: Абай облысының полиция департаменті баспасөзі

Просмотров (155)
ТопДок 1