Семей қаласының тұрғыны әлеуметтік желіде үйінде марғаудың өліміне қатысты видео жариялап, бұл жағдай желі қолданушылары арасында үлкен талқылауға түсті, деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаменті баспасөзіне сілтеме жасап.
Жазба авторының айтуынша, алдымен оның баласы марғауды мұздатқышқа салып қойған. Кейін ол марғауды кір жуғыш машинаның ішіне салып, жуу режимін қосып жіберген. Алайда жүргізілген тексеріс нәтижесінде бұл әрекеттің әдейі емес, абайсызда болғаны анықталды.
Абай облысы Полиция департаментінің мәліметінше, аталған видео 2026 жылдың 18 сәуірінде жарияланған. Оқиға бойынша тексеру жүргізіліп, үй жануарына қатысты заң бұзушылық тіркелді.
19 сәуір күні үй жануарының иесі Қазақстан Республикасының "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Фото: ЖИ
