Лента новостей

Семейде Бірлік күніне арналған ауқымды фестиваль өтеді

фестиваль, 1 мамыр, Қарағайлы

Семей қаласында 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне орай "Семей көктемі" мәдени маусымы аясында "Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп" атты достық фестивалі ұйымдастырылады, деп хабарлайды Arnapress.kz қала әкімдігі баспасөзіне сілтеме жасап. 

Мерекелік шара Қарағайлы ықшам ауданындағы "Республика" алаңында өтеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл күні алаң достық пен ынтымақтың, түрлі мәдениеттер мен дәстүрлердің тоғысқан орталығына айналмақ.

Фестиваль бағдарламасы аясында қонақтар үшін этноалаңдар, ұлттық тағамдар көрмесі, салт-дәстүр таныстырылымдары, балалар шығармашылығы көрмесі, қолөнер шеберлерінің туындылары ұсынылады. Сонымен қатар "Достық кітапханасы" алаңы, спорттық ойындар, "Бірлік" жүгірісі марафоны және мерекелік сауда орындары жұмыс істейді.

Іс-шара 1 мамыр күні сағат 11:00-де басталады. Ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қонақтарын мерекелік фестивальге қатысуға шақырады

Фото: ЖИ

Просмотров (135)
ТопДок 1