26–28 наурыз аралығында Абай облысында балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ерекше профилактикалық іс-шара - "Демалыс" ұйымдастырылды, деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаментіне сілтеме жасап
Мектеп каникулы - әр бала үшін қуанышты, алайда кейде қауіпті кезең. Осыған байланысты құқық қорғау органдары, мектептер мен әлеуметтік қызметтер бірлесіп, жасөспірімдердің құқық бұзушылыққа бару мүмкіндігін азайтуға бағытталған жүйелі шараларды іске асырды.
Іс-шара барысында 140 құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Олардың ішінде қоғамдық тәртіпті бұзу, түнгі уақытта заңсыз ойын-сауық мекемелерінде болу сияқты жағдайлар анықталды.
124 қолайсыз отбасы тексерілді, яғни әлеуметтік жағдайы, балаға көрсетілетін қамқорлық деңгейі және бос уақытын ұйымдастыру мүмкіндігі бағаланды.
126 жасөспірім түнде заңды өкілінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс немесе ойын-сауық мекемелерінде анықталды. Анықталған әрбір жасөспіріммен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
"Демалыс" іс-шарасы тек құқық бұзушылыққа жол бермеуге бағытталған қадағалаудан ғана тұрмайды. Ол балалар үшін қызықты әрі пайдалы бос уақыт ұйымдастыруға, ата-аналар мен мектеппен бірлесіп әлеуметтік бақылауды күшейтуге де арналған.
Фото: Абай облысының полиция департаменті
