Лента новостей

Абай облысы полициясына 137 жаңа қызметтік автокөлік табысталды

жаңа көлік, полиция, автобус

Семей қаласында Абай облысы полиция департаментінің қызметкерлеріне жаңа қызметтік автокөліктердің кілтін тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімі баспасөзіне сілтеме жасап.

Іс-шараға облыс әкімі Берік Уәли мен полиция департаментінің бастығы Эльдар Данияров қатысты.

Жергілікті атқарушы органдар тарапынан құқық қорғау саласының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында бөлінген қаражат есебінен полиция қызметіне KIA Cerato, Hyundai Elantra, JAC және Chevrolet Cobalt маркалы 137 жаңа автокөлік берілді. Оның ішінде 8 автобус бар.

Салтанатты жиында облыс әкімі бұл қадам полиция қызметін жаңғыртуға және қызметкерлердің жұмыс жағдайын жақсартуға бағытталғанын атап өтті. Оның айтуынша, құқық қорғау органдарын заманауи техникамен қамтамасыз ету – қоғамдық қауіпсіздікті арттырудың маңызды тетігі.

Сондай-ақ, өңірде полицияның материалдық-техникалық әлеуетін күшейту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады. Жоспарға сәйкес, жедел басқару орталықтарын салу, қосымша автокөліктер мен байланыс құралдарын алу көзделіп отыр.

Жүргізіліп жатқан жүйелі шаралардың нәтижесінде биылғы жылдың алғашқы үш айында өңірдегі құқық бұзушылықтар саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 18 пайызға төмендеген. Ал қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтар 246-дан 184 жағдайға дейін азайған.

Фото; Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Просмотров (235)
ТопДок 1