Лента новостей

Сабыржан Аққалықов – Азия чемпионы!

Азия чемпион, бокс

Моңғолияның Ұланбатыр қаласында бокстан ересектер арасындағы Азия чемпионатының финалдық жекпе-жектері өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасап. 

75 келі салмақта ел намысын қорғаған Сабыржан Аққалықов шешуші айқаста өзбекстандық Жавохир Абдурахимовпен қолғап түйістірді.

Жекпе-жек барысында қазақстандық боксшының техникалық шеберлігі айқын көрініп, қарсыласын толық бақылауда ұстады. Нәтижесінде, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен 5:0 есебімен сенімді жеңіске жетті.

Осылайша, Сабыржан Аққалықов Азия чемпионы атанып, Қазақстан қоржынына алтын медаль салды.

Айта кетейік, бұған дейін 75 келі салмақта Азия чемпионы атанған қазақстандықтар қатарында Тұрсынбай Құлахмет, Жәнібек Әлімханұлы, Геннадий Головкин және Аркадий Топаев бар.

Фото: Боск федерациясы

Просмотров (144)
ТопДок 1