Лента новостей

Гвардейск гарнизонында сарбазға дене жарақаты: төрт офицер қызметінен босатылды

гвардия, гарнизон, жарақат, қылмыс

Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді қызмет сарбазына дене жарақатын келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Arnapress.kz

Ведомствоның мәліметінше, аталған фактіге байланысты қажетті тергеу амалдары басталған. Сонымен қатар лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, қызметтік тексеру жүргізілген.

Қабылданған кадрлық шешімге сәйкес, басшылық құрамындағы төрт лауазымды тұлға – әскери бөлім командирі, оның тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары, батальон командирі және рота командирі қызметінен босатылды.

Сондай-ақ әскери бөлім командирінің орынбасары – штаб бастығына, батальон командирінің орынбасарына және оның тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарына қызметіне сәйкес емес деген ескерту жарияланған. Бірқатар офицер мен сержантқа қатаң тәртіптік жаза қолданылған.

Министрлік таратқан ақпаратта қабылданған шаралар атқарып отырған лауазымына қарамастан дербес және бұлтартпас жауапкершілік қағидатын көрсететіні атап өтілді. Оқиғаға қатысты түпкілікті қорытынды мен құқықтық баға тергеу нәтижелері бойынша берілмек.

Фото: жасанды интелект арқылы

Просмотров (229)
ТопДок 1