Лента новостей

Бас мүфти айт мерекесін ұлттық дәстүрмен өткізуді ұсынды

құрбан, айт, үндеу

Құрбан айт мерекесін ұлттық дәстүрмен ұштастыра атап өтуге шақырған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елордада өткен баспасөз мәслихатында барша жамағатқа үндеу жасады, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бас мүфти өз сөзінде жыл басында дін қызметкерлеріне жолданған Бағдарлық баяндамада Құрбан айт пен Ораза айтты қоғамдық деңгейде, дәстүрімізге сай атап өтудің маңыздылығы айтылғанын жеткізді.

Оның айтуынша, айт күндері еліміз бойынша "Құрбан айт - ұлық мереке" тақырыбында кең көлемді іс-шаралар ұйымдастырылады. Облыстық, қалалық және аудандық мешіттердің ауласында киіз үйлер тігіліп, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтеді. Сонымен қатар, мәдени-рухани кештер ұйымдастырылып, халықтық дәстүрлер насихатталады.

Наурызбай қажы Тағанұлы барша қазақстандықтарды ұлттық киім киіп, айт мерекесін ұлттық нақышта өткізуге және игі бастамаларға белсенді атсалысуға шақырды.

Фото: ҚМДБ баспасөз қызметі

Просмотров (103)
ТопДок 1