Лента новостей

Семейдегі жаңа көпір биыл пайдалануға беріледі

жаңа, көпір

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы бірқатар құрылыс нысандарын аралап, маңызды жобалардың жүзеге асу барысымен танысты, деп хабарлайды Arnapress.kz әкімдік баспасөзіне сілтеме жасап

Аймақ басшысы алдымен ескі автогуж көпірінің маңында салынып жатқан жаңа көлік өткелінің құрылысын көрді.

Президент тапсырмасымен қолға алынған стратегиялық маңызы бар жобаның құрылысы 2022 жылы басталған. Ұзындығы 810 метр, ені 23 метр болатын көпірдің жалпы құны 47,3 миллиард теңгені құрайды.

Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының 65 пайызы аяқталған. Жоба бойынша орнатылатын 9 тіректің 8-і дайын. Сондай-ақ 9 мың тонна металл конструкцияның 4,3 мың тоннасы монтаждалып, жоғарғы металл аралық құрылымның 418 метрі орнатылған.

Нысанда бүгінде 174 адам еңбек етуде. Қажетті құрылыс материалдары толық жеткізілген. Жоспар бойынша көпір арқылы көлік қозғалысы биыл іске қосылады.

Облыс әкімі мердігер мекемелерге құрылыс сапасын бақылауда ұстап, жұмысты белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

"Бұл көпір Мемлекет басшысының тікелей бақылауындағы жоба. Сондықтан жұмыстың қарқыны бәсеңдемеуі керек. Биыл нысанды пайдалануға беруіміз қажет", " деді Берік Уәли.

Фото: Әкімдік баспасөзінен

Теги: ,
Просмотров (101)
ТопДок 1