Лента новостей

Семейдегі ірі базарлар жаңғырады

жаңарту, Мереке, Ақшың, Смокк

Абай облысының әкімі Берік Уәли төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте Семей қаласындағы ірі сауда нысандарын кезең-кезеңімен жаңарту мәселесі қаралды деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігі баспасөзіне сілтеме жасап

Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Айбек Рахымбековтың айтуынша, "Мереке" және "Смокк" базарлары 2026 жылдың соңына дейін, ал "Ақшың" базары 2028 жылға дейін қайта жаңғыртылмақ. Жаңғырту барысында инженерлік желілер мен логистика жүйесі жақсартылады, "Смокк" базары үшін баламалы жылу көздерін қолдану қарастырылып отыр. Сондай-ақ, "Мереке" базарының жобасы мемлекеттік сараптамадан жедел өтіп, көлік кептелістері азайтылмақ.

Бұл бастамалар қала тұрғындары мен қонақтарына қолайлы сауда жағдайын жасап, сауда мәдениетін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған.

Фото: жасанды интеллект арқылы

Просмотров (195)
ТопДок 1