Лента новостей

ШҚО полицейлері браконьерлерден 2 тоннадан астам балық тәркіледі

ШҚО полицейлері браконьерлерден 2 тоннадан астам балық тәркіледі

Шығыс Қазақстан облысында "Нерест- 2022" жедел-профилактикалық шарасы өтуде, деп хабарлайды Arnapress.kz ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған іс-шараның мақсаты балық және балық ресурстарын заңсыз өндіруге, тасымалдауға және сатуға байланысты құқық бұзушылықтар мен экологиялық қылмыстардың алдын алу және анықтау болып табылады.

"Операция басталғаннан бері ШҚО-да балық ресурстарын заңсыз аулаудың 195 құқық бұзушылығы анықталды. 187 адамға қатысты жалпы сомасы 2,5 млн. теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды", – деді ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимов.

Жалпы, "Нерест" ЖПІШ кезінде полиция құқық бұзушылардан 2 тоннаға жуық балық, 2900 метр синтетикалық ау, 32 балық аулау құралын тәркіледі. Келтірілген залал сомасы 10 млн.теңгеден асты.

Балық аулау нормалары мен ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік (ҚР ӘҚБтК 383-бабы) ғана емес, қылмыстық жауапкершілік (ҚР ҚК 335-бабы) те қарастырылғанын.

ШҚО Полиция департаменті азаматтардан табиғи байлықты сақтау мақсатында тыйым салынған аралықта балық аулаудан бас тартуға шықарды.

Естеріңізге сала кетейік, "Нерест -2022" жедел алдын алу шарасы ШҚО-да 2022 жылдың 16 сәуірінен 30 мамырына дейін өтуде.

Фото: ШҚО ПД баспасөз қызметі

Подписывайтесь на Telegram-канал Arnapress.kz: t.me/arnapressnews 

Просмотров (1806)
ТопДок 1