Лента новостей

Ақсу - Жаңа - Семей теміржол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды

Ақсу, Жаңа Семей

Қазақстанда теміржол инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Arnapress.kz "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ҚТЖ инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы аясында Ақсу - Жаңа Семей теміржол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі толық аяқталды.

Ұзындығы 139 шақырымды құрайтын учаскеде басқаруды орталықтандырудың заманауи микропроцессорлық жүйесіне жеті бөлек пункт қосылды. Сонымен қатар екі жаңа разъезд пайдалануға беріліп, тағы бір разъезде қабылдау-жөнелту жолдары салынды.

Жобаның негізгі мақсаты – теміржол магистралінің өткізу қабілетін арттыру, пойыздар қозғалысының жылдамдығын көбейту және жүк тасымалының сенімділігін қамтамасыз ету.

Мамандардың айтуынша, Ақсу - Жаңа Семей учаскесін жаңғырту еліміздің теміржол инфрақұрылымын дамыту және Қазақстанның транзиттік әлеуетін күшейту бағытындағы жүйелі жұмыстардың бір бөлігі саналады.

Қазіргі таңда республика бойынша жаңғыртылған магистральдық желі учаскелерінің жалпы ұзындығы 1 142 шақырымға жеткен.

Фото: ҚТЖ

Просмотров (158)
ТопДок 1