Құрбан айт мерекесіне орай құрбандыққа шалынатын малды сату және сою үшін арнайы белгіленген орындар анықталды, деп хабарлайды Arnapress.kz қала әкімдігі баспасөзіне сілтеме жасап.
Тірі малды сатуға арналған арнайы орындар:
"Северный" СЛО - Северный промузел көшесі, №2
"JOLAMAN" СЛО - Семей-Алматы трассасы, №7/1
Мал союға арналған арнайы пункттер:
"Семей–Вет" ЖШС - Космонавтов көшесі, №1 (Дальняя ауданы)
"JOLAMAN" СЛО - Семей–Алматы трассасы, №7/1
"Saikan Agro" ЖШС - Байғожина көшесі, №13
Қоғамдық тәртіпті сақтау және белгіленбеген орындарда мал саудасының алдын алу мақсатында тиісті бақылау жұмыстары қалалық полиция басқармасы тарапынан ұйымдастырылады.
Фото: ЖИ
