Лента новостей

Абай облысы әкімі өңір тұрғындарына бейнеүндеу жариялады

үндеу, облыс әкімі

Бүгін аймақ басшысы Берік Уәли өңір тұрғындарына арнайы бейнеүндеу жасап, "Таза Қазақстан" бағдарламасы аясында жалпыөңірлік тазалық жұмыстарының жалғасатынын жариялады, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігі баспасөзіне сілтеме жасап. 

Облыс әкімі тазалық шаралары бір реттік науқан емес, күнделікті өмір салтына айналуы тиіс мәдениет екенін атап өтті.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев "Қалалар мен ауылдардың сәулетті, саябақтар мен ауланың таза болуы, ең алдымен, басқаға емес, өзімізге керек", – деп баршамызға ортақ міндет жүктеген болатын. Аймақ экономикасы, өнері мен мәдениеті, экологиясы мен тазалығы – баршамызға ортақ. Абай облысы – ұлы тұлғаның атымен аталған, тарихы терең, табиғаты көркем өңір. Бұл – біздің ортақ үйіміз. Оны таза, жайлы, көрікті етіп ұстау – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз", – деді Берік Уәли.

Аймақ басшысы облыстың тазалығы әкімдік пен коммуналдық қызметтің ғана емес, әрбір азаматтың, әрбір отбасының жауапкершілігі екенін айтып, бұл іске кәсіпкерлерді де белсенді атсалысуға шақырды.
Үндеудің толық мәтінін Абай облысы әкімдігі сайтынан оқи аласыздар!

Фото: Arnapress.kz

Просмотров (304)
ТопДок 1