Arnapress.kz редакциясы Семей қаласының оқырмандары арасында конкурс ұйымдастырады.
Егер сіз маңызды оқиғаға немесе төтенше жағдайға куә болсаңыз, қаламызға қатысты қызықты жаңалығыңыз бар болса, мәселеге назар аудартқыңыз келсе немесе оның шешу жолын көрсеңіз — бізге жазыңыз және сыйлық ұтып алу мүмкіндігіне ие болыңыз! Ай соңында екі белсенді авторды таңдаймыз.
Қатысу шарттары:
Конкурсқа дайын, ресімделген мәтіндік материалдар қабылданады.
- Егер белгілі бір мәселе туралы айтқыңыз келсе, міндетті түрде ауданын, мәселенің мәнін, қанша уақыттан бері шешілмей келе жатқанын, қайда жүгінгеніңізді, жауап болған-болмағанын, қандай әрекеттер жасағаныңызды атап өтіңіз.
- Егер қызықты оқиға немесе тұлға туралы жазсаңыз, мәтінде оқиғаға қатысушылардың немесе кейіпкерлердің пікірлері болғаны жөн, фото және видео материалдармен сүйемелденуі керек.
- Егер қаладағы оң өзгерістер туралы бақылауларыңызбен бөліссеңіз немесе қандай да бір нәтижеге қалай қол жеткізгеніңіз туралы жеке тарихыңызды айтсаңыз, жағдайдың “дейін” және “кейін” көріністерін көрсету қажет, сондай-ақ мақсатқа жету үшін қандай қадамдар жасалғанын сипаттау керек.
Тақырып ауқымы жоғарыда айтылғандармен шектелмейді — өз идеяларыңызды да ұсына аласыз.
Материалдарға қойылатын талаптар:
- мәселенің, оқиғаның немесе тарихтың мәнін анық әрі түсінікті баяндау;
- міндетті түрде фото (көлденең форматта), бар болса — видео қоса тіркеу;
- автордың аты-жөнін көрсету.
Материалдарды WhatsApp нөміріне жіберіңіз: 8 708 504 30 05, "Конкурс "Сіздің жаңалығыңыз" деген белгімен.
Ескерту:
Егер сіздің материалыңыз барлық талаптарға сай болса, сізге арнайы жауап хабарлама жіберіледі. Редакция материал талаптарға сай келмеген жағдайда қабылдамау немесе мәтінді өңдеу құқығын өзінде сақтайды.
Маңызды: Конкурске жіберілетін материалдар эксклюзивті болуы тиіс — яғни Arnapress.kz және Instagram @arnapress_news платформаларынан басқа жерде жарияланбауы керек. Конкурс аясында жасалған мәтін, фото және видеоматериалдардың авторлық құқығы Arnapress.kz-ке тиесілі. Редакция мәтінді жариялау алдында редакциялық түзетулер енгізе алады.
Жеңісті анықтау тәртібі
Конкурс қорытындысы бойынша екі жеңімпаз анықталады:
• Жеңімпаздар — сайтта ең көп “Сіздің жаңалықтар” жарияланған ең белсенді авторлар.
Конкурс кезеңдері:
• "Сіздің жаңалықтарды" жинау — 2025 жылғы 25 желтоқсанға дейін;
• Қорытынды шығару;
• Жеңімпаздарды марапаттау — 2025 жылғы 26 желтоқсан.
Қорытынды нәтижелер Arnapress.kz сайтында және әлеуметтік желілерінде жарияланады. Жеңімпаздарға жеке хабарланады.
Екі ең белсенді қатысушыға демеушілеріміз "Додо Пицца Семей" өз сыйлықтарын табыстайды.
Ал екі жеңімпаздың ішіндегі ең-ең белсенді автор "Радио7" студиясына қонақ ретінде тікелей эфирге шақырылады.
